Не керім?! – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Не керім?!» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1810
Жүйкелері жаратылған темірден,
Біз қай кезде арылармыз жебірден?
Күннен-күнге келе жатыр көбейіп,
Момындардың ақысын жеп семірген.
Болашаққа бастап жүрген осы елді,
Күні кеше шеттерінен «көсем-ді».
Енді қазір кері бұрып aт басын,
Жаңа заман «заңына» да төселді.
Алда шығар әлі талай көрерім,
Жүректілер жақпас отын «төренің».
Серкесінген жігіттердің әп-сәтте,
Қу түлкі боп шығатыны не керім?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не керім?! өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Не керім?! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не керім?! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не керім?! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері