Немере – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Немере» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 12591
Мені күнде қуанышқа бөлеген,
Тәй-тәй тұрып келе жатыр немерем.
Күндіз естен, түнде түстен шықпайды,
Тәтті еді, тәтті еді не деген!
Сәл нәрседен жанарына шық тұнып,
Қазірден-ақ алды бізді бұқтырып.
Ата, әже, әке, ана - «төлеңгіт»,
Ол «ханымыз» - құрметтейміз тік тұрып.
Тіл жетпесе, қас-қабақпен ымдайды,
Анау-мынау сылтауыңды ұрмайды.
Көңіліне жақпай қалса бір ісің,
Тегін жатқан «насыбайын» бұлдайды.
Күні кеше жан-жүйемді қозғасын,
Алыс тартып бара жатыр өз балам.
Жаным қазір немеремнің үстінде,
Әсер етпес енді басқа сөз маған.
Кеңшілік кез ұмыт болып бұрынғы,
Үйімізде жаңа тәртіп құрылды.
Осы күні сарай ақын боп кеттім,
«Әміршіге» арнап барлық жырымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Немере өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Немере өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Немере өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Немере өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері