Ақындардың тағдыры
Бұл бетте «Ақындардың тағдыры» атты Серикбол Асемгул жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осы жұрт не біледі ақын жайлы,
Ақынды әрине олар мақұлдайды.
Ал менің ақын жайлы пікіріме,
Байқаймын көп адамдар қосылмайды.
Неге ақын басқалардан дара туған,
Неге олар адалдықтан жаратылған.
Ақынды мықтылығы азамат қып,
Ақынды алтын құрсақ ана туған.
Сондықтан олар жайлы не айталам ,
Ақынның адалдығын көп байқағам.
Мен нағыз ақындарды оқығанда,
Жанымды тыншытатын бір күй табам.
Болама ақын жайлы топшылауға,
Болмайды артық сөзге көп шыдауға.
Адамның ең алғыры сол болғанмен,
Кейде оны түсінбейді жақсылар да.
Жарып түскен жарықтай қара түнді,
Мұқағали тым асқақ болатын-ды.
Ақырында арманнан ақын өлді,
Ажалына кім оның ара тұрды.
Неге өледі ақындар тым ертерек,
Ажал келді жүгіріп ол да ентелеп.
Ақырында ақкөңіл ақындарда,
Даласына кетті ғой бір еркелеп.
Өмір,өлім сәт сайын белдеседі,
Ақындардың қайғысын көрмес еді.
Ақын әулие болмаса бұл әлемде,
Ажалына тым асығып өлмес еді.
Солар еді өлеңнің қожасы да,
Солар еді адамның тазасы да.
Осы жырым арналсын дұға болып,
Арманда өлген ақындар қазасына.
Керемет туынды шығыпты жарайсың
Рахмет ! Рахмет!
жақсы шығыпты
Рахмет !!!!
жазарың таусылмасын
рахмет әмин !
Қаламың ұштала берсін
Рахмет!!!!! Әмин!!!!
Мықты Мықты!
Қай өңірдің қызысың
asem77, авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді таңдаған дұрыс болады.
рахметтт