Тфәй, тфәй көз тимесін еліме!

Бұл бетте «Тфәй, тфәй көз тимесін еліме!» атты Серикбол Асемгул жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мақтанамын, марқайамын мен сенмен,
Ғасырлардың қиындығын еңсерген.
Қазағымның төріндегі жалаулар,
Мәңгілікке қаларына мен сенем.

Көгімізде желбіресін байрағың,
Бүгін міне, ұлы күн ғой тойлағың.
Қыран құсым көріп ұшсын көгімде,
Бұзылмаған қазағымның қаймағын.

Қазағымның мөрі болып қаланған,
Қалды енді алашымда не арман.
Елтаңбасы биік тұрсын елімнің,
Қазағымдай еркін болып жаралған.

Шарықтасын ән ұраным елімде,
Қоңыр үнің мәңгі қалсын жерімде.
Нұр ағаның жүрегінен шыққан сөз,
Мақтанышым менің және сенің де.

"Тәубә" дейік ей, алашым бұл күнге,
Тәуелсіздік еркін елде жүргенге.
Кейбір елдің тағдыры әлі қиын,
Мылтық даусы естіледі әр күнде.

Көз тігуде кейбір пасық жеріме,
Ал қазағым оны жатқа берді ме?!
Халқы аман, патшасы бар тағында,
Тфәй-тфәй көз тимесін еліме!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (14)

Ақмарал

Елің туралы жазарың таусылмасын

Әмин рахмет

Сезім

керемет жарайсың

рахмет сізге!

Алина

Жарайсың қаламың ұштала берсін

Рахмет әмин әмин

Асқар Мырзаұлы

Биыл еліміздің рәміздеріне 25 жыл толуына орай жазылған шығармаң екен! Рәміздерге тартуың болар ?
Жақсы шығыпты базар жоқ !

Жақсы шығысты бірақ кей буындардан сол сүрініпсің .Ал былай жақсы 

yesмолодец қаламың ұштала берсін!

Жарайсың !

Асқар Мырзаұлы - ия мемелекетіміздің рәміздеріне арнауым!

Рахмет ! сіздерге! қателіктер болса түзетуге тырысып келеміз smiley

Жадыра

Шыңдала бер əліде

рахметт

Осы автордың басқа өлеңдері