Ордада – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ордада» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2215
Орда мені тұрады ылғи шақырып,
Ол ежелден өлең-жырға тақырып.
Ер Махамбет өтіп кетті өмірден,
Ойға алғаны орындалмай, «аһ» ұрып.
Үміт артты ол ұрпақтарға алдағы,
Ұран жыры қыран болып самғады.
Жаңа өмірде ақын баба әр үнін,
Жанекешев Бисен келіп жалғады.
Қызықпаған жеңіл менен дайынға,
Жандардан біз іздемейік айырма.
Жырдың көші кезегімен жетті ғой
Жайсаң ақын Жарокұлы Тайырға.
Орда есімнен шыққан емес екі елі,
(Талабыма дем берсе, сол жетеді).
Қасиетті топырағыңнан айналдым,
Ақындар мен Батырлардың мекені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ордада өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Ордада өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ордада өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ордада өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері