Өмірім

Бұл бетте «Өмірім» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3209
Көріп келем жағдайлардың небірін,
Мұңдылау боп өтіп жатыр өмірім.
Сәл нәрседен жүрек шіркін сыздайды,
Сәл нәрседен ортаяды көңілім.
Басым аман кездерім-ай бұрынғы,
Білмеппін ғой қадырың мен құныңды.
Маған қазір шын сүйеніш болатын,
Көп ойлаймын қыршын кеткен ұлымды.
He өтпейді басынан бұл адамның,
Тырп еткізбес тығырыққа қамалдым.
Өте қатты сезіліп тұр жоқтығы,
Бақұлдаспай бақи көшкен ағамның.
Қалдырмаса есте тұтар бір үлгі,
Неғылайын өтіп жатқан күнімді.
Ұл-қызының бір қызығын көре алмай,
Көп ойлаймын жастай кеткен інімді.
Ауылда анау бар еңселі шаңырақ,
Анам кетіп, қалғандай ол қаңырап.
Үлкен үй деп, өзімсініп келгенде,
Кейінгілер қарсы алар ма жамырап?
Күнімізді түсірмегей «ептіге»,
Алтын ұям мирас болғай тектіге.
Бір әулетті беделімен билеген,
Анам маған ыразы болып өтті ме?
Жүрегімде тағдыр салған жарам көп,
Қорқам кейде ушықтырып алам деп.
Жасым болса жерортадан ауыпты,
Ойланбасқа, толғанбасқа шарам жоқ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірім өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Өмірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері