Тойлы ауылда – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Тойлы ауылда» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2032
Алақ-жұлақ қарайсың,
Темір тордың ішінен.
Тұр алдыңда талай «сын».
Халің мүшкіл, түсінем.
Келіп жатыр көруге,
Халық деген ағылып.
Таяу тұрсың өлуге,
Джунглиді сағынып.
Кеудеңе анау өрт толып,
Кемсеңдейсің ақырын.
Екі көзің төрт болып,
Отырсың ба, батырым?
Шыға келдің бір сәтте,
Танымастай өзгеріп.
Енді қолға ұстап көр
Шыдамсыздық безбенін.
Жасын сүрттің көзіңнің,
Бар «қайғыңды» ұмытып.
Маймыл үшін сезімнің
Жоқ екен ғой құны түк.
Бір құлқың жоқ ұнаған,
Мәз боласың несіне.
Өзіңе ұқсас бір адам,
Түсті менің есіме.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тойлы ауылда өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Тойлы ауылда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тойлы ауылда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тойлы ауылда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері