Бұл бетте «Сөздерді дұға көруші едім» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.
Сөздерді дұға көруші едім,
Сенім бе,
жұлдыздар ма өшетін?
Қызарып қалған гүлден
ұялып барам,
кеше гөр...
күнә жасаудан жалықтым, білсең,
...атама.
Өтінем, ұшшы жазерке күлген,
Қолыма қонсаң
өлтіріп алам, о тоба!
Телефоныма жауды хат борап,
Кешірім өзі – ақ қана...
Ал мен болсам сүрте беріппін
Сөздердің жасын – қап қара.
Жұбата алдым ба өмірді
кірпігім ашып ақ гүлді?
Жапырақтар да шапалақ ұрып,
Қарсы алып тұрды...
...бәрін де түсіндім,
Құдай-ай
не деген мамық,
не деген ыстық
алақандағы құсымды
жүрегіме басам деп
өлтіріп алдым,
солай ұшырдым...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі