Түсіме еніп – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Түсіме еніп» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2535
Депті әкем аттанарда: «Тыңда, балам,
Сұрапыл соғыс атты сынға барам.
Қош-сау бол, көріскенше қайта айналып,
Тел қозым, талбесікте іңгәлаған...»
Бқл жайды қариялар айтады көп,
От жылдар тұнығымды шайқады көп.
Күттім мен мың тоғыз жүз қырық бесте,
«Әкешім елге қашан қайтады», - деп.
Күттім мен қара жолдан көзімді алмай,
Май тасыған жүрді арба сезімді алдай.
Кеш болса, жолын бағып тұратынмын,
Үстінде сол арбаның өзің бардай.
Тұрмыс шат, өмір бұл күн - арайлы айдын,
Келмейді артқа тіпті қарайлағың.
Қан толып қос көзіне соғыс та өтті,
Тағдырын талқан етіп талайлардың.
Тұрған соң жазымыштың күші келіп,
Сан ардақ сандалды ғой мысы кеміп.
Жан әкем, қазір де сен жүрсің ылғи,
Ақ шашты азамат боп түсіме еніп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсіме еніп өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Түсіме еніп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсіме еніп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсіме еніп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері