Уақытты оздырып – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Уақытты оздырып» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2513
Өз күшіме сенер-сенбес боп жүріп,
Алыппын ғой уақытты оздырып.
Жырларым да ұсақталып барады,
Отбасы мен ошақ қасын сөз қылып.
Асқақ, асқақ арман қайда кешегі,
Ойлар қайда бір-бірінен көшелі?
Тұлпар көңілім, тұғыр болып қалдың ба,
Қу тірліктің келтірем деп есебін.
Бір сұрақтан, бір сұрағын тосты күн,
Бәрі есімде, ұмытқам жоқ ешбірін.
Дірілдеймін Уақыттың алдында,
Мұндай жайды өз басынан кешті кім?.
Батыр үшін құн сұрайтын ұландай,
Жалаң қылыш жазалаушым тұр алда.
Осы ой мені жегідей жеп жүр қазір,
Ертелі-кеш уысынан шығармай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақытты оздырып өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Уақытты оздырып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақытты оздырып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақытты оздырып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері