Элегия – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Элегия» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2514
Сағаты жеткенде ажал, тоқырап па?
Тұрмады бұл жолы да тосып артқа.
Бір жұлдыз көк төсінен ағып түсіп,
Бір бұлақ сіңіп кетті топыраққа.
Іргеміз көрген жоқ-ты ажырасып,
Кездеспей кетсек бір күн, қадыр асып.
Екеуміз бір жыл туған төл едік-ау,
Өмірдің өрісінде жамырасып.
Батып тұр дос-жаранның ойы мұқта,
Кім шыдар бұл қайғының сойылына.
Тым ерте бір гүл өмір түсті үзіліп,
Тойымсыз қара жердің қойынына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Элегия өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Элегия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Элегия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Элегия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері