Нұрлан Өнербаевқа
Бұл бетте «Нұрлан Өнербаевқа» атты Ермахан Шайхыұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шырақ десең, шырақ бұл,
Бұлақ десең, бұлақ бұл.
Нұрекеңе ғашық боп,
Талай қыздар «құлап» жүр.
Тұлға десең, тұлға бар,
Сұлба десең, сұлба бар.
Мұндай дарын, серілік,
Айтшы қандай ұлда бар?
Мінді өнердің пырағын,
Жақты өнердің шырағын.
Ұстап отыр бұл күнде,
Мәдениеттің «құлағын».
Бәрі де бар, бәрі бар,
«Ай да, Күн де» табылар.
Қыздар ғашық болмаңдар,
Нұрекеңнің жары бар.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі