Өлең, жыр, ақындар

Күлімдеймін

Күлімдеймін.
Мен жылағым келгенде.
Күлімдеймін. Сен көкірек кергенде.
Көп адамдар елемейді ау əйелдің,
Жойқын күшін, нəзіктікті көргенде.
Ер азамат. Сындырғанша исеңде,
Мейлі мені сүймесең де сүйсең де
Күлімдеймін, күліп тұрып жеңемін,
Тəңір желін, таяқ болып тисең де.
Күлім көзім, көп жағдайды жасырған,
Темір төзім, жанға серік жасымнан.
Өкінсем де орны толмас күндерге,
Бақ таймасын деп тілеймін басымнан.
Көңіл - күзге орныққанмен жабығып
Өмір сүрем, Тағдыр - күшке бағынып.
Сынақ қанша сындырса да сағымды,
КҮЛІМДЕЙМІН, күннен моншақ тағынып.
Алтынай Алиева
05.03.2016ж.
#жүректегіжазбалар



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір. Өлшем. Өлең

  • 0
  • 0

"Секундқа" озық ой сияды,
Ұшқыр ғой адамның қиялы.
Сынақтай сыбаса секундтар,
"Қас - қағым" өмірді қияды.

Толық

Ой

  • 0
  • 0

Өмірімнің әр сәтінде - ойланам...
Тәуелдіме, таусылмайтын ойға адам?
Ұшқыр қиял дес бермейді дегбірге,
Санам әр кез сансыз ойға тоймаған.

Толық

Уайымдаймыз несіне?!

  • 0
  • 0

Уайымдаймыз несіне?! Түңілеміз,
Шешім іздеп сан - саққа жүгінеміз.
Пешенеңе қашалған тағдырыңның,
Тұз дәміне бұйырған бүгілеміз.

Толық

Қарап көріңіз