Бұл бетте «Уайымдаймыз несіне?!» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Уайымдаймыз несіне?! Түңілеміз,
Шешім іздеп сан - саққа жүгінеміз.
Пешенеңе қашалған тағдырыңның,
Тұз дәміне бұйырған бүгілеміз.
Уайымдаймыз несіне?! Сыналғанбыз.
Мың шашылып, қайтадан құралғанбыз.
Бәріміз де білместің суын ішіп,
Сан кешірім сұрадық құдайдан біз.
Өзгермейді адамдар, түрленбейді.
Біреулердің арлары кірленбейді.
Уайымдаудың қажеті бар ма сірә?
Қасиетсіз - ақылға именбейді.
Жылатады кейде өмір құлатады,
"Нәпсі құдық" толмайды, сұратады.
Сүйгеніңнің артында - сүймесіңді,
Сүйдіретін кездері - сұлатады.
#жүректегіжазбалар_АлтынайАлиева
#жүректегіжазбалар
07.08.21ж
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі