Туған тілің – тұмарың – Алтынай Алиева

Бұл бетте «Туған тілің – тұмарың» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туған тілің – тұмарың

Туған тілмен тербелсінші бесігің,
Бөбегіңнің қазақша айт есімін.
Қандасым-ау, қасиетті басыңда,
«Алтын тəжің» туған тілің несібің.

Ерігің бар, өз тіліңмен өнуге,
Адам боп кеп, қазақ болып өлуге.
Өзектерін өртеп кетсін өзгенің,
Ана тілім қалықтасын көгімде!

Оян досым! Байқаусызда көз ілсең,
Бойыңдағы тектілікті сезін сен.
"Қазақ тілім!" Қырандайын қалықтап,
Көк төсінде қуатты елдің көрінсең.

Туған тілім, тағдырыңа алаңмын,
Ұлт байрағы, ұлағаты бабамның.
"Тұмар" қылып тақсам теңдік төріне,
Қасиетің ақ сүтіндей анамның.

Алтынай Алиева
#Жүректегіжазбалар
13.10.2017ж


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері