Өлеңім
Бұл бетте «Өлеңім» атты Алтынай Алиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Артымда қалсын өлеңім.
Өнерім, досым, сенерім.
Төзгенім аздық ете ме...
Алдымда шығар көрерім.
Ішімде сақтап сырымды,
Күндерім күлмей түңілді.
Жүректің жары - өлеңім,
Бөлісе білдің мұңымды.
Жасанды түрді тағындым,
Сабырға салқын бағындым.
Өлеңім отпен өртеніп,
Ойларға терең таңылдым.
Сəтті күн кейде өбпеді,
Түндерім сенсіз өтпеді.
Сыналғандағы - серігім,
Өмірде мынау өтпелі.
#Жүректегіжазбалар
Алтынай Алиева 2.12.2018ж
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі