Бұл бетте «Ғажап елдің ұстазы» атты Құрбанбай Сериков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білу үшін ғажап елдің ұлығын,
Тану керек ел бастаған ұлы кім!
Өз қазағын танысын деп бүткіл ел
Арнады ғой маңдайдағы ғұмырын.
Бар қазаққа жасай білді ұстаздық,
Сауатты қып, бар білімге құштар ғып.
Қоршаудағы оянбаған қазақтың
Алып берді ойлауына бостандық.
Ұстай білді ұлы ілімнің тұтқасын,
Білседағын көп тасырдың ұқпасын.
Білімменен үйретті ол дінді де,
Танытты ғой адамзаттың ұстазын.
Қазақ үшін, ұстаз үшін үлгі адам,
Үйретем деп, ешқашанда тынбаған.
Айтар едім өзің жайлы көбірек
Бірақ оған жетпейді құр қалам.
Көсіл енді, көсіле бер тілім-ай,
Айтыңдаршы Эвересттің шыңын-ай.
Тау биігі болса егер Эверест,
Қазақ үшін биік шың, ол – Ыбырай!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі