Сөзімнен нәр ала алсаң

Бұл бетте «Сөзімнен нәр ала алсаң» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Сөзімнен нәр ала алсаң тамшыдайын,
Жолыңда бұлағың боп аршылайын,
Шөлдесең, тұма болып тұна қалып,
Керексем, шөлің басып сарқылайын.
Көздеуін мөлдірімнің өзің аштың,
Арындап екпініммен тұра қаштым.
Бір өзің тоған болып баяулатып,
Таңдарда жыр арнадың ояу жатып.
Алланың әмірімен тілек тілеп,
Жүргенде жолықтырғам арып-ашып.
Осылай жырлап өтсем қалған ғұмыр,
Дегендер десе, десін «мынау – ғашық!».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөзімнен нәр ала алсаң өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Сөзімнен нәр ала алсаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сөзімнен нәр ала алсаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөзімнен нәр ала алсаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері