Мендегі ақ сезім

Бұл бетте «Мендегі ақ сезім» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 587
Мендегі ақ сезім
Ақ нөсер секілді көктемгі...
Көктемгі бәйшешек
Баурайын таулардың –
көмкеріп бөктерді көктеді!
Шық тұнған
Бәйшешек ернінен
кеп-керім,
Шуақтың өбеді
Бір сынық тармағы,
Дір етіп, шық тамшы
аунады...
Таңғы шық ғажайып,
Сағынған асылын
Жүректен үзілген
Көзімнің
жасынан аумады!
Аумады!
Аумады!
Ақ жолбарыс
Мосфильмнің аттас туындысын көргенде туған ой
Тылсымнан туған құпия күші,
Жайпайды жолын,
қызыл от құшып,
Өртенді орман, өртенді жер-көк,
Шөліркеп қанға
Жерге ажал септі,
шашып қан төкті!
Адам ойының
әумесер жемісі –
«Ақ жолбарыстың»
(неміс армиясының танкі)
аты тұр келісіп!
Озбыр сананың
«озық» туындысы,
Өмірге әкелді
Мәңгілік майданның
өңшең жырындысын!
Жатқан кім сұлап –
сұлбасы адам,
тұп-тұтас көмір.
Қас-қағым сәтте
өртенді өмір!
«Сұрауы бар ғой»
дегіңіз келіп,
Құрғады көмей,
Сұрапыл сепкен
тажалды көріп!
«Бітті! – деп, соғыс!»
Қуантпақ болды,
Жауынгер бейбақ
жанары шерлі –
«Бітпейді, соғыс,
бітпейді» дейді.
«Бітпейді» дейді,
«жалғасар бейуақ...»
Соғыстың мөрі санаға соққан
Өзіне қоса әке атын ұмытты
жауынгер бейбақ!!!
Санада жалқы ой –
кек алу қайтсе,
Түбіне жеткен
«ақ жолбарыстан»!
Айырды, сөйтіп,
айырды соғыс,
Талайды естен...
Талай... арыстан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мендегі ақ сезім өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Мендегі ақ сезім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мендегі ақ сезім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мендегі ақ сезім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері