Жеткізе алмағанда бір ойды сөз – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жеткізе алмағанда бір ойды сөз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 862
Жеткізе алмағанда бір ойды сөз,
Болса ғой тылсымдарға енетін кез...
Періштенің кейпінен ажыратар
«пері іште» боп жүргенді көретін көз!
Кешір тәңір, жаратқан жалғыз ием,
Түйсіксіздеу ойлардан босап жүйем
Парықсыздық жайлаған төңіректен,
Пана тілеп, өзіңе басымды ием!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері