Тас дейміз-ау тасты біз

Бұл бетте «Тас дейміз-ау тасты біз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Тасқа жазу қалдырған
тарихымда бабалар...
Жеткізсін деп ұрпаққа,
күн туғанда саралар.
Түсінісе алмаған
кездерінде бір-бірін
«тастай қатты» дейді екен
Пенде шіркін табалап!
Бабалардың өшірмей,
Шеруінен ақ табан,
Мықшияды балбал тас
жазуларын сақтаған.
«Тастай қаштың кеше» деп,
тастай қатып жатпаған,
Ата-қоныс өз төрім,
Құшағыңды аш маған!
Самарқанның көк тасын,
балқытқанда науырыз,
Жауса өткінші сол сәтте,
тастайды екен жауын із.
Сіңіре алса әз шуақ,
қатты емес-ау, ол да онша
Түріктерді аман ап
Қалған дейді тас монша...
Тасты – тас деп мұқатпа!..
Арулардың мойнында
құлпырады көз тартып
Асыл, лағыл тас моншақ!
Қанша зергер тарихта
аты қалды тас қашап,
Өтпейтұғын пышаққа
дейді екен жұрт «тасқа шап»!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тас дейміз-ау тасты біз өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Тас дейміз-ау тасты біз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тас дейміз-ау тасты біз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тас дейміз-ау тасты біз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері