Бұл бетте «Өзім мен сен» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менен жырақ бақида ғұмыр кешіп жатырсың
Жарықтығым, имандым, сенсіз өтіп жатыр күн.
Кімге аян әр күнім, ұғына алар кімді кім?
Өтіп жатыр өзіңсіз өгіз аяң тірлігім.
Пәни шіркін несие, мұң шағуға хақым кем,
Өзің барда мінезді ем,
жат пен жақын «батыр» дер.
Таңсәріде жұмысқа алып-ұшам асығыс,
Сол баяғы тіршілік, сол баяғы қапылыс.
Кешкіғұрым қайтамын – шаңырағыма иесіз,
Жаратқаннан сұраймын, ортайтпа деп киесін.
Көрші біткен сырт көз боп
мені бағып тұрғандай
Жесір анау, келеді деп, сыңары жоқ сормаңдай.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі