Қызыл шағыл

Бұл бетте «Қызыл шағыл» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 841
Бәрі есімде, қырда асыр сап өскенім,
Бақытты шақ, бал дәуренді кешкенім.
Еңкейсем де, әлдеқашан әже боп
Балалығым жадымнан бір өшпеді.
Балалық сәт қас қағымдай өтер тез,
Қайда жүрсем қиялымда болар кез.
Ұмытылар кей сәттерім болғанмен,
Балалық шақ мәңгі есімнен бір кетпес...
Бізді-дағы алды күтіп кемел күн,
Кемелдіктен, айтшы неге кенелдім?
Бала кездің куәсі сол лағыл құм –
Қызыл шағыл, қайда көшіп жөнелдің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл шағыл өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Қызыл шағыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл шағыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл шағыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері