Бұл бетте «Күнтізбе» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір парақ жыртылғанда,
Бір парақ ашылады.
Аспанды қиқу кернеп,
Көктен нұр шашылады.
Рахман-нұр тасып, ағып,
Көктен жыр шашылады,
Көктем кеп, күнтізбенің
Парағы дәл осылай ашылады.
Барады ызғар кетіп –
Жыртылған парақтарда,
Жапырақ бүр жарады
Нәп-нәзік шанақтарда.
Топырақ дем алады,
Атырап бу көтеріп,
Қайыңға әл кіреді
Көк желек ту көтеріп.
Жеттің бе, ақ шағалам,
Жеттің бе, көк шағалам.
Көп күттім өздеріңді
Айдынды бос жағалап...
Асыр сал, шашып моншақ
Теңіздің төскейінде,
Сүйсіне жүрем қарап
Атырау беткейінде.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі