Кәрі теңіз тебіренісі

Бұл бетте «Кәрі теңіз тебіренісі» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Табиғатқа тиесілі дегенге
Жұмыр жердің киесімін деп сендім.
Жағалау мен теңіз түбі бұл күнде
Үлесінде байлық қуған шефтердің.
Алас ұрған тірлігінен тірінің
Толқыным да толқымайды бүгінде.
Алпауытты келгеніммен еңсергім,
Дәрменсіздік құр теңселтті, теңселдім...
Пәрше-пәрше бөлініп тұр аумағым,
Ызы-қиқы төріндемін сауданың.
Күндіз-түні тебіренер толқыным
Екіталай маған енді сау қалу.
Шарлайтұғын айдынымды еркімен
Тамсандырған аққу қайда көркімен.
Бұлтың қағып, бұлтша аунақшып жүретін
(Жағалаудың байпаң қаққан еркесі)
Итбалық та арпалысар дертімен.
Беу, адамдар, түгенделіп бітер қашан
мұқтажың,
Тонаушыға бар ма титтей ықпалың?!
Тебіреністі теңіз жанын ұғатын
Шаршы әлемнен бір жан бар ма шығатын?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәрі теңіз тебіренісі өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Кәрі теңіз тебіренісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кәрі теңіз тебіренісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кәрі теңіз тебіренісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері