Бұл бетте «Тағы да Інжуге» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің опа-далабым,
Тап-тұйнақтай орнында.
Үйде жүрсең ғажабым
Шашар едің оңдырмай.
Жазаламан ол үшін,
Титтей ғана кенішім,
Дүниенің жұмбағын
шешу керек сен үшін.
Құрбыларым жиналып,
«Жамандарын» мақтаса,
Мен отырам аша алмай
Кібіртіктеп жақты аса.
Аман болса, ата-анаң
Ержеткізер өсіріп,
Қаннан берілетұғын
Қасиетін атаңның
Өз бойыңа қуатым,
Аларсың-ау көшіріп.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі