Еділдің жағасында – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Еділдің жағасында» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 733
Еділдің екі айрылар енді тұсы –
Көп тұрған Астарханда шенді кісі
Жұмабай кластасым. Жағалауда
қарық боп суретке келдік түсіп...
Кетеді екі айрылып – Шарон, Қиғаш
Балалық шағын ешкім оңай қимас,
Шұрқырап көрістік те күні бойы
Талай сыр ақтарылды жүрген жинап.
Еділден екі өзен басын алса,
Екі жеңді жатқандай кеуде жалғап!
Қиғаштың жағасында туып-өскен
Адамда болушы ма еді өзге арман!
Кеңдікпен, кемерлікпен тудым бірге,
Молшылық әуелден-ақ қанға сіңген.
Тебіренсем, дариядай толқимын да,
Әкетем аспанды да бірге тербеп.
Жан-жары Жұмабайдың Хазила қыз
Бойында тәрбиенің жібек тіні.
Бұл өмір жарастықты үлгі етуге,
Жұптаған сұлулық пен жүректіні!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері