Жыландыға барғанда – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Жыландыға барғанда» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 892
Қыз ерітер жүректен мұзды деуші еді,
Жылатуға болмайды қызды деуші еді,
Сағынышпен келгенде қыз төркінге
Сыбағасы сақтаулы тұрды деуші еді.
Қыз ағасы – қорғаны, тон жағасы,
Қарындасын, жайқалған гүл-данасын,
Ызғар түгіл, самалдан қорғап жүрер
Шыр-пыр етіп айналып-толғанатын...
Ағаларым, емендей паналарым,
Топ ішінде еңселі - дараларым!
Өзің тірі жүргенде, пайғамбардай
Пенделікке мән беріп қарамадым...
Дүние-ай, өмір заулап өтіп барады,
Сағынып кеп, қоштасып кетіп барам,
Өресі тар тексізге налығаннан...
Көзімнен жас парлайды алты тарам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері