Өлең, жыр, ақындар

Ат қою...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 724
Ақ түтекке оранып, түн ұласып күнімен
Жетісі еді жедінің, ішін тартты ұлып жел!
Жаяу жолды жасырған жеті күнгі бораннан
Жылқышысы бір байдың аман қалған бір пақыр.
Ықтырмалы қос тіккен жылқы баққан қосынға
Екі иығын жұлып жеп, арпалысып жетті ақыр.
Ақ түтек пен аш қорқау аран болған ажалға,
Жеті тәулік бораннан аман қалған жан олжа.
Ала боран қыр, сайды, алаламай кезген шақ.
Қар бораған далада ытқырынған көп сайғақ
Ықтын іздеп, жансебіл сауға іздесе - баспана,
Зәру болмас жылуға тамыры жоқ тас қана.
...Жылжып жетті бейшара ақ қырауға оранған
Иірілген жіп құсап, ақ ұршыққа оралған.
Қоныш-қойны мұз бен қар, жаны неткен сірі еді,
Шығып кетпеді демесең, шала-жансар тірі еді...
Ыс қабады қолқаны шағын қоста тымақтай
Түсірердей суретке сығалайды жырақта ай.
Тынды боран амалсыз, айрылғандай олжадан,
Айлапат күш жетпеді мақсатына болжаған...
Туырлықтай есіктен сүйретіліп кірді ессіз,
Қос тізерлей құлады, көрген жандай бір тепкі...
Қос бақанға керілген керме арқанға асылып,
Толғақ қысқан келіншек бір ышқынды ашынып...
Кетті жуып жүзін тер, бір шар етті шарана,
Қазақ қашан қиналған ат қоюдан даралап!
Жөн сұрап та үлгермей, жолаушыдан ес жиып,
«Түнқатар» деп ат қойды іле-шала балаға...
Тағдыр атқа тәуелді болса, қиын әй, тегі...
Не күтеді сәбиді, не болады ертеңі?
...Оқиғаның желісін әжем кенет үзді кілт,
Қабағында кіреуке, торлағандай күнді бұлт,
Әлде соңы... тым жайсыз хикаямен тынды ма
Жалғаспады әңгіме, кетті аяғы құрдымға...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұбанбай-ақ қояр ем

  • 0
  • 0

Жылағаннан келер болсаң
Жұбанбай-ақ қояр ем!
Өзің қайтып келер жолға
Телмірумен солар ем!

Толық

Азаттық

  • 0
  • 0

Азаптаған жанымды ойларымды саралап,
Көрейінші жік-жігін көз тоқтата даралап.
Жайлы қоныс тепкендей көкейіме орныққан
Оқта-текте су бүркіп тұратын ой қолтықтан,

Толық

Амазондықтар шеруі – аманат

  • 0
  • 0

Орман жатыр оталып, алаңқайлар кеңейіп,
Табиғатты санайтын «жоқтаушысыз өгей ұл»,
Мұң-мұқтажы бітпейтін тойымсыз көз,
ұры - аты,

Толық

Қарап көріңіз