Түс жору

Бұл бетте «Түс жору» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1226
Мен бір жолы айдан анық түс көрдім,
«Түс, - дейді екен - нәтижесі өңіңдегі істердің.»
Ал, сол күні нәтижесіз болды ма іс,
Әлгі айтылған тұжырымға көнбейтін,
Өңімдегі ісіме сай келмейтін
қолайсыздау көрдім түс.
Бір ісіме сай келмейтін өңдегі
түс көруім білдіреді ол нені?
Гитлер мен аты-жөні беймәлім
Бөтен ұлттың паштасы кеп оқыста
қақ жүректен көздеп тұрып
атып салды дәл мені.
Бір ісіме сай келмейтін өңдегі
Түс көруім білдіреді ол нені?
Екі оқтан аман қалып түсімде,
«Аман қалсам – олжа, - дедім ол-дағы,
жүрегімнен ата берсін, өлмеймін,
бақылаушы оқ жұмсамаса, болғаны!»
Мен бейтарап, әрі қызық түс көрдім.
Қыжылы бар, қауқары жоқ күш көрдім.
Түстегі «мен» білдіремін нені осы
Шындығында, өкілімін кімнің мен,
Қарапайым жүрген жанмын
мерейі өссе туған ана тілдің деп.
Адамзатқа тілеуі жоқ
Сан қилы
қара ниет әлдекімдер тілімнің
Аштырмауға адымын, басқан ізімді аңдиды.
Күйкі тірлік қашаннан да күйелеш
Пейілсіздер, ішің күйсе күй, егес!
Менің тілім –
Сенің қарау пиғылыңнан тайсалып,
Мәртебесі төмендейтін тіл емес!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түс жору өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Түс жору өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түс жору өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түс жору өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері