Өлең, жыр, ақындар

Тәуба, тәуба, бәрін көргем...

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1050
Тәуба, тәуба, тәуба дегем...
Әлпештеген ана көргем,
Мейірімді әке көргем,
Жүрген аяқ сәтті жолмен
Іліккенін жөргем көргем....
Тұлпар ұстап құдық келген,
Білегіне жүген ілген
Жігіт көргем жігері бар,
Тұқыртуға асау келген,
Үйретілген сол асауға
Әжем үкі ырымға ілген...
Әже көргем, ене көргем,
От қызулы құшақ көргем,
Бәрін берген, бәрін көргем,
Төл де көргем, көген көргем,
Кеше көргем,
Бүгін көргем...
Көре бергем, көре бергем,
Бар жақсылық маған ерген,
Түбірінде ақ тілеу бар
Жаратқанның өзі берген...
Бесік тербеп, сәби көргем,
Жөргек жуып, иіскеп көргем
Тәй-тәй басқан табанына
Тиянақ деп ырым берген
Тұсау кескен көрші әжемнің –
Раушанның көзін көргем...
Аманатты берсе құдай
Аманаттап көрші көргем.
Бақ тілеген ақ тілеулер
Ата берген, ана берген
Болғай дейік періштелер
Құлағына түгел ілген!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым

  • 0
  • 0

Тебегендеу тұяқты мүкісінен таныдым,
Әспеттеген асылды үкісінен таныдым,
Тілектесім келді деп, жігерімді жаныдым,
Бір құдырет қарасты, жүргенімде қамығып!

Толық

Өң мен түс

  • 0
  • 0

Биікте тұрмын таң алды,
Тыныштық, ұйқы тоналды,
Құзырына бағын, әмірдің
Тыныштық сенің неңді алды,

Толық

Қара Ертіс

  • 0
  • 0

Қара Ертіс қара түнді тербетеді,
Қара түн, мызғи қойсаң нең кетеді?
Түн түнек сүйреп шығып не бір ойды
Не бір ой көз жасымды селдетеді.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар