Азаттық – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Азаттық» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 788
Азаптаған жанымды ойларымды саралап,
Көрейінші жік-жігін көз тоқтата даралап.
Жайлы қоныс тепкендей көкейіме орныққан
Оқта-текте су бүркіп тұратын ой қолтықтан,
Не демегі бар екен астарында жасырған,
Жымысқылық ниетпен бір айласын асырған...
Қулық – құлып болса да мың құпия сыры бар,
Сүймен-шындық көрсінші қадағалап қырына ап?
Сезім шіркін, күйсандық, бол мұқият пернеңе,
Сен де сақ бол, жолатпа, күйкілікті зердеңе!
Біз екеуміз осылай, жанға араша түселік,
Азапты ойдан құтқарыпп, ағыталық кісенін.
Мыстан ойлар мысқалдап, жауламасын санамды,
Азат өмір кешейін, қарау ойдан тазарып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері