Қаражал толқын

Бұл бетте «Қаражал толқын» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Көкшулан толқын, қара ала жалды,
Жалынан үрей ұшырған!
Қасқайып келер қара нар кеме
Жан тыныштығынан ұшынған!
Қаражал толқын, аудармай қоймас, аудармай,
Қаражал толқын, араның қойды-ау, бір тоймай!
Дауылдың күші, теңіздің түсі – ымыраласқан айлапат,
Төңкермей қоймас, өңгермей қоймас –
Тайталас!
...Қасқайып қасқа маңдайы тасқа,
шағылмай тынбас өршілдің,
Қаражал толқын, бағытын, сірә
тойтара алмадың, күрсіндің!!!
Арынды екпін – сөз дауыл тұрған
алақұйында алқынған
Шабытым қалмас
дауылдан сәттік салқындап!
Күн шықса, дүлей екпінім
шуаққа жылап бас ұрар.
Жеңе алмас дауыл, алапат шайқас егесіп,
Жеңеді, жеңсе – жырыммен шуақ теңесіп!
Тулай бер, тула, аяныш саған жараспас,
Бұлқыныс күштің тымық кешуі –
бір сәттік демнен әрі аспас.
Қаражал толқын жыр-өлең,
Иіріміңе алсаң, сенімен ешкім таласпас!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаражал толқын өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Қаражал толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаражал толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаражал толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері