Ардақты Фариза! – Рахат Наурызбаева

Бұл бетте «Ардақты Фариза!» атты Рахат Наурызбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1060
Өзің жақтан естілер асқақтаған биік үн,
көріп жүрсің өмірдің қызығы мен қиынын.
Ар-намыстың жорғасын ерттеп мініп бәйгеге,
тарқатасың тағдырдың тоқсан түрлі түйінін.
Жауыздықтар жатсынып жаққа ұрса да,
қайтпассың,
жан алқымға келсең де, жаңылдым деп
айтпассың,
қайғы-мұңның сеңдерін жарып өтіп кемедей
жалғандықтың бәрімен жалғыз жүріп айқастың.
Сендей жанға өмір де – мұхиттағы мұз-ағын,
еңбектемей Өлеңнің өрлеріне ұзадың.
Жігер, өрлік сатпайтын қос серігің жаныңда,
талантыңмен шырқадың Махаббаттың жүз әнін!

Қызылорда.
7 желтоқсан 1984 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері