Өліп, тірілу
Бұл бетте «Өліп, тірілу» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағдырдың қуғынға сап өкпек желі,
Жоғалып кетсем керек көптен бері.
Ауылға біреу келіп үш жылдан соң,
Шекарада атылып кеткен деді...
Рас-ау, қарыс жерде қаза бар-ды,
Өксітті суық хабар жан анамды.
Туып-өскен ауылым күңіреніп,
Дұға оқып, шығарыпты жаназамды.
Р.S.
Бұл күнде секілдімін бір тірі елес,
Енді менің өлуім мүмкін емес.
***
Күн жылынды.
Тоң жібіді.
Жер көгерді.
Былтырғы қайтқан құстар елге келді.
Қарлығаштар тізілді сым бойына.
Терең әжімдеріме тер бөгелді.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі