Түсінісу – Жәркен Бөдешұлы

Бұл бетте «Түсінісу» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1495
Екі жылқы өзді-өзін,
Кісінесіп, қасынысып түсінді.
Екі пенде көздерін –
Шұқып, ұрып ісірді.

Сұрқы жаман заманның,
Көш секілді қаралы.
Ар-намысы адамның,
Ішімді өртеп барады.

***

Боз жусан,
Боз бетеге,
Боздақ қыр.
Боздақтарға бай елмін.
Ботасын ерткен боз інген,
Айналайын, көзіңнен –
Екі қабат әйелдің қасына келіп боздап тұр.
Құрсақта жатқан ұлан – ұл,
Тосып жатты құлағын...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері