Малшы ауылдың шетінде
Бұл бетте «Малшы ауылдың шетінде» атты Жәркен Бөдешұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Малшы ауылдың шетінде,
Бір әжей тұр жол қарап.
Ақ бетеге бетінде,
Бөдене жүр жорғалап.
Көз алдында- қыр, дала,
Көңілінде-жас үміт,
Ауылына бір бала,
Келе жатыр асығып.
Қулық бие қутыңдап,
Сәуірікке жанайды.
Сақау теке тың-тыңдап,
Сақалын жел тарайды.
Тоқжал айғыр шыбындап,
Көлге үйірін айдайды.
Ақ қайнарлар шымырлап,
Күн көзінде қайнайды.
Ескі хаттай оқылған,
Еске түсті қайдағым.
Ақ қайнардай шымырлап,
Мен де бүлк-бүлк қайнадым.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі