Ұлымын Амангелді сарбазының – Жұмаш Сомжүреков

Бұл бетте «Ұлымын Амангелді сарбазының» атты Жұмаш Сомжүреков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 564
Нық қадап туралықтың тал қазығын,
Ел-ел – деп мұз жастанып, қар жамылдым.
Бас пайдасы кірмейтін түсіне де,
Ұлымын Амангелді сарбазының.
Әбдірахман – сарбаз әкем сом білекті,
Сардарға еріп соғыста ерлік етті.
Көтеріліске қатысқан бастан-аяқ,
Кісі еді батыл, қайсар, ер жүректі!
Самалын шомылып жел-жебектің,
Намыстың мен де туын желбіреттім.
Өзімнен төртінші атам Бектұр қажы,
Жалғыз ұл-немересімін Сомжүректің.
Құлымын, асыл халық, асыл ардың,
Мұнің-жоғын жоқтаймын осылардың,
Азандап әкем қойған атым – Жұмаш,
Абыз ата есімін қосып алдым.
Туралықтың келемін туы астында,
Білмеймін, асаумын ба, жуаспын ба?
Білетінім – жетсем деп мен күрескен,
Әділдік қиял қырзай қыр астында
Әділдік деп көп болды алысқалы,
Қалам-найза сілтескен қағысқалы.
Жамандықтың неткен бұл жаны сірі,
Ауылы адалдықтың алыста ілі.
Қиянаттар қинайды ақын жанының,
Ақсақалдық жасқа да жақындадым.
Шындық үшін шырылдап отқа түсер,
Әділдік сарбаздары сапындамын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері