Мұрагер – Аманқос Ершуов

Бұл бетте «Мұрагер» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1072
Өзің болып келеді арман жырым,
Жүрегімнің отына қарғам, жылын.
Менің алғаш кітабым шыққан жылы
Сенің тұңғыш мектепке барған жылың.
Екеуі де зор бақыт –үйіп төккен,
Мәртебемді тағы да биіктеткен.
Аманқостың аузы аққа жарысын деп
Аруана дүнием иіп кеткен.
Пенде де бар,
Шаттықты шақтап тастар.
Жомарт та бар сөздерін мақтап бастар.
Ал уақыт тұлпардың тұяғынан
Қаншама ұшып түсті шақпақ тастар.
Қаншасы көкіректе жағылды екен,
Қаншасын шайып өтті ағын бөтен.
Бәріне сен куәсің, жаным , балам
Бәріне де куәсің лағыл мекен.
Үлесін жатқан кезде әр күн арнап,
Ойым жоқ орта түсіп,
Қалғып қалмақ.
Мен екінші үлгердім жинағымды
Сен екінші класқа қарғығанда-ақ.
Жақсылықты жалау ғып әр көңілге,
Қатар сілтеп келеміз кеңге бірге.
Сен үшінші кеткенде айналысқа
Менің үшінші кітабым
Келді өмірге.
Бабалар ел сенімін жиі ақтаған,
Кішіден қалып қою ұят маған.
Екеуміз әкелі-балалы сияқтанып
Жарысып келе жатқан сияқтанам.
Атойлап ақ берен күш таза қанда,
Әлі де құлашымды созам алға.
Келесі биіктерді сен аларсың
Келесі жыр кітабын жаза алам ба?
Өмір деген сан тарау, жатқан егес,
Көзіңнен көрген түстей аққан елес.
Саған менің биігім өлшем емес
Жеткен жерім-жеңісім мақтан емес.
Тұғыр керек жігітке қыран қонар,
Ғұмыр керек жігітке ұран болар.
Байлық емес,
Сондықтан ерлік жасау
Менің саған қалдырған мұрам болар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұрагер өлеңінің авторы кім?

Аманқос Ершуов — осы өлеңнің авторы.

Мұрагер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұрагер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Аманқос Ершуов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұрагер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері