Бұл бетте «Сүтпен бірге» атты Аманқос Ершуов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
04.01.2022
0
0
1012
Бақытым ба,
Сорым ба сонау шырақ,
Кетті соған қиялым жолаушылап.
Көбесінен сөгілген көңіліме
Көрген жоқпын күлгеннен жамау сұрап.
Мұңайдым да, сілкініп тыңайдым да,
Кемем жүзіп барады ұлы айдында.
Құлан тектес кірпияз қылығыммен
Су қумаймын қолына жуанның да.
Қорқынышың қалсын деп қосы құрып,
Қаруыңды қайтарам мосы қылып.
Сүтпен еніп, сүйекке сіңіп кеткен
Осы мінез, осы әдет, осы қылық.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі