Арылмас мұңым бар менің – Серік Томанов

Бұл бетте «Арылмас мұңым бар менің» атты Серік Томанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1394
Арылмас мұңым бар менің
Жанарға жасымды ірікпен.
Аштықтан қырылған елдің,
Сүйегін басып жүріппін.

Аттасам аңғал ниетпен,
Ауырлар мұңым батпандай.
Көмусіз қалған сүйектер,
Күтірлеп сынып жатқандай.

Ешкімді қостатпан көр деп,
Дала бұл – Қабір жайланған.
Сүйемдей бос жатқан жер жоқ,
Сүйекпен жабылмай қалған.

Аруаққа қараған жанмын,
Мен деме сатқын албастың.
Сыртқы елге дала-бабамның
Сүйегін бастыра алмаспын.

Кешір сен, асылды бассам,
Киелі шаңырақ – төрім.
Ешкімді басындырмаспын,
Алашым – аруақты елім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арылмас мұңым бар менің өлеңінің авторы кім?

Серік Томанов — осы өлеңнің авторы.

Арылмас мұңым бар менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арылмас мұңым бар менің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Томанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арылмас мұңым бар менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері