Ақын екем – Серік Томанов

Бұл бетте «Ақын екем» атты Серік Томанов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 1
  • 1444
Мына мен ақын екем,
Жырға жомарт жүрегі сақы мекен.
Өмірдегі өзімдей өнерде де,
Өлеңде де өзгеше аты бөтен,
Сенесің бе, мына мен ақын екем.

Ақын екем өз үні, айтары бар,
Кеудесінде тұңғиық Байкалы бар.
Кемерінен кейде бір асып жатса,
Кей-кейде арнасына қайтарылар,
Ақын екем мына мен айтары бар.

Ақын екем, мен соны жаңа білдім,
Ақындық ізінде емес қаламымның.
Ақындық - астында екен мына менің,
Жақсылыққа жасаған қадамымның.
Мен соны жаңа білдім.


Пікірлер (1)

Ақжігіт

Білесіңбе
Секе
Жуық арада тумайды енді сендей ақын
Құдай сені бағаласын деп бермейді бәлкім

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын екем өлеңінің авторы кім?

Серік Томанов — осы өлеңнің авторы.

Ақын екем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын екем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын екем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері