Жебелерден сызылған таңбалы елі

Бұл бетте «Жебелерден сызылған таңбалы елі» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 763
Жебелерден сызылған таңбалы елі,
Апарады жетелеп алға мені.
Бауыры аппақ бұлттары төбеде ұшқан
Сағым ұшқан төсінен самға, белі!
Бауыры аппақ бұлттары төбеде ұшқан,
Еркіндікте болмайды демек, ұстам.
Аппақ түйе бауырында аппақ ана
Ақ көбік сүт сауады шелек ұстап.
Таңбасы бар Адайдың, таңбасы бар,
Жебесі ұшқан белгіде ән басы бар.
Түбекті елдің жұмбағы тұр қиырда,
Табиғаттың тылсымы таңда ашылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жебелерден сызылған таңбалы елі өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Жебелерден сызылған таңбалы елі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жебелерден сызылған таңбалы елі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жебелерден сызылған таңбалы елі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері