Қайда барсам-алдымда бояу қанық – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Қайда барсам-алдымда бояу қанық» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 677
Қайда барсам-алдымда бояу қанық,
Жұмбақ сырын ашады ол баяуланып.
Қалқытпайын қалайша қанатымды,
Арманыма тұрғанда таяу қалып?!
Үстірт жазық, үміті үстеулеген,
Үміт деген келмейді күштеуменен.
Құс боп ұшып, титімдей тұмсығыммен,
Арманымды барамын тістеуменен.
Сен не дейсің, Үстірттің күн шуағы,
Маған мәлім бұл күннің шым-шым әні.
Жұмбақ көп қой Бейнеудің бедерінде,
Оны шешпей, көңілім тыншымады.
Еркіндігі Адайдың құлаш керген,
Теңіздегі толқынға ұлас бермен.
Қанатына көтерген періштелер,
Тұрақ-жайым қайда деп сұрасты елден.
Қанатына көтерген періштелер,
Кеңейетін саған да өріс келер.
Оңтүстіктің толқыны ауытқыды,
Ақпай қалып қапталдан өріс – кемер.
Оңтүстіктің толқыны ауытқыды,
Аруана боп боздады қауіпті үні.
Түн қойнында самала шырақ жанды,
Сам құмында жадырап сауық тілі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда барсам-алдымда бояу қанық өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Қайда барсам-алдымда бояу қанық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда барсам-алдымда бояу қанық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда барсам-алдымда бояу қанық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері