Менің құйттай аялаған Үмітім – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Менің құйттай аялаған Үмітім» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 815
Менің құйттай аялаған Үмітім
Жасап жатыр жүрегіме иелік,
Терезенің жақтауына сүйеніп,
Қаңтар айдың қысқарғанда күні тым.
Бозторғайдың шырылдаған үнімен,
Қанаты оның дір-дір етіп тоңады.
Бір ұшады, сосын қайта қонады,
Тал бұтағы тербеледі түнімен.
Әлсіз шырақ, білтесі оның жылтырап,
Айна алдында шашын үнсіз тарайды,
Түн қойнына көп тесіліп қарайды,
Бет пердесін Қорқыныштың жыртып ап.
Кірпігіне үйшік салып ұлы Түн,
Кешегінің жанған өртін ұмытып,
Ғұмырымды келе жатыр жылытып,
Менің құйттай аялаған Үмітім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің құйттай аялаған Үмітім өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Менің құйттай аялаған Үмітім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің құйттай аялаған Үмітім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің құйттай аялаған Үмітім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері