Шалқығандай от тілі ыстық үйден – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Шалқығандай от тілі ыстық үйден» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 530
Шалқығандай от тілі ыстық үйден,
Қызыл күнді бетке алып ұшты күймем.
Кешкі шапақ шөмеле төбесіне
Шашыратып қып-қызыл ұшқын үйген.
Көгершіндер қанатын көкте қағып,
Сыңғырлайды күміс су шеттен арық.
Алдындағы күндерге ынтығумен,
Ағыстары Арыстың кеткен ағып.
Өзен-көлі қосылып бар даланың,
Шайқалады шарасы Шардараның.
Айдынында көк аспан теңселгенде
Таңданамын, толқимын, арбаламын.
Көлкіп ұшқан көгілдір Көктөбе-мұң,
Толқып-толқып тұрды да, төкті өлеңін.
Менің аппақ арманым желкен болып,
Бара жатыр ішінде көк кеменің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шалқығандай от тілі ыстық үйден өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Шалқығандай от тілі ыстық үйден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шалқығандай от тілі ыстық үйден өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шалқығандай от тілі ыстық үйден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері