Қайран менің күндерім, құлаш керген – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Қайран менің күндерім, құлаш керген» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 828
Қайран менің күндерім, құлаш керген,
Қанатының қағысы ұласты өрмен.
Жырларымнан жер-жаһан жалау ұстап,
Мекен-жайын бақыттың сұрасты елден.
Түндерім-ай, кірпігін от тіреген,
Кеудесіне үміттен шоқ түнеген.
Қараңғы әлем қойнында тәкаппарлау
Жарқырайды алмастай өткір әлем.
Үлпілдеді үкідей, бақбақ ұшты,
Тоқтата алмай қалдық-ау қатты ағысты.
Жалындары ұлғайып бара жатыр
Жарқылдаған от толып шақпақ үсті.
Хан тағында отырса патшалы өлең,
Топырағында тербеліп жатса денем,
Сенім атты жетелеп ақ боз атты,
Үміт таңы ағарып атса деп ем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайран менің күндерім, құлаш керген өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Қайран менің күндерім, құлаш керген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайран менің күндерім, құлаш керген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайран менің күндерім, құлаш керген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері