Ішінен көрем бе деп топ қараның – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Ішінен көрем бе деп топ қараның» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 934
Ішінен көрем бе деп топ қараның,
Көзімді көлегейлеп көп қарадым.
Сырымды айға айтамын айғайлаумен,
Жанымды жұлдыздарға ақтарамын.
Қара түн дірілдетіп берген демін,
Дидарын көре алмадым, шермендемін.
Бояуы бұлдыраңдап кетпей қойды
Көлбеңдеп көз алдымда көргендерім.
Бояуы көз алдымнан кетпей қойды,
Бірақ та даусым оған жетпей қойды.
Аңсаулы ауа толы Алматыда
Көз жасы ақ жаңбырдың кеппей қойды.
Сыбдырлап көл шетінде құрақ біткен,
Аққу-қаз қайда жүр деп сұрап біткен.
Күн шалқып жалғыз уыс ақ сәуледен,
Қаулайды қалың орман бір-ақ түптен.
Билейді көктем келсе көк терегім,
Көк терек тосады ылғи кептер елін.
Шексіздік шекараны қаламайды,
Табады тылсымдардан көп дерегін.
Бір ақ құс ұшады ылғи жүрегімнен,
Ғаламды іздейді ылғи нұр егілген.
Кеудемде жылтыраған жалғыз сәуле
Үміт боп мәңгі ғұмыр сүре білген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішінен көрем бе деп топ қараның өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Ішінен көрем бе деп топ қараның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішінен көрем бе деп топ қараның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ішінен көрем бе деп топ қараның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері