Не боп кетті дүние, не боп кетті – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Не боп кетті дүние, не боп кетті» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1141
Не боп кетті дүние, не боп кетті,
Қу тіршілік аямай дедектетті.
Ауыл жақтан сағынып келген досым
«Қош» деместен еліне жөнеп кетті.
Өзім жедім қонақтың қонағасын,
Сағынышты сары жел тонағасын.
Жайлаудағы жылқыдан тұсау көрдім,
Қыран көрдім шешпеген томағасын.
Тез жоғалтып ажарын сүйкімділер,
Гүлзар бақта өтуде митингілер.
Биік жалдар мұхитта дағдарады,
Тірлігіне жаңқаның қиқым күлер.
Биік жалдар мұхитта дағдарады,
Шағала боп шалықтап ән барады.
Жұлдыз жағып шаршаған қара түннің
Қараңғыда қанаты қармалады.
Жанды қалай сақтаймын тіршіліктен,
Жүрегімді ұстаймын күрсініп мен.
Талғау іздеп тұрамыз төңіректен,
Жалғау іздеп жүреміз жыршы-үміттен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Не боп кетті дүние, не боп кетті өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Не боп кетті дүние, не боп кетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Не боп кетті дүние, не боп кетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Не боп кетті дүние, не боп кетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері