Тыңдағаны арзан ән – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тыңдағаны арзан ән» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Тыңдағаны арзан ән,
Талықсыған тар заман.
Жүрген кезде жағалап,
Құлататын жар жаман.
Ұмытылып тәңірі,
Қопарылып тамыры,
Кімге барып жетеді
Замананың зар үні?
Уайым болған қара бас,
Көбі аш құрсақ, жалаңаш.
Жанталасып, жан беріп,
Бір-біріне қарамас.
Арман қайда? Алыста...
Жаңқа ағады ағыста.
Қарамайды бауырың,
Бұрылмайды таныс та.
Жүгіреміз дәм іздеп,
Зырылдаймыз бақ іздеп.
Қалталылар мақталды
Нағыз адам, нағыз... деп.
Жүдетеді жоқшылық,
Іздетеді тоқшылық.
Қалтасы тоқ адамдар
Ел алдына көп шығып.
Алған қарыз састырып,
Үстем тұрып жас түрік.
Дарынды емес, қарынды
Кітабын тез бастырып.
Ақшалы тұр оңымда,
Ақшасыз тұр солымда.
Билік пенен дүние
Ақылсыздың қолында.
Байда ғана өкімет,
Қуыршақ адам көкірек.
Желмен ұшып барады
Қайран өлең жетімек.
Ақшаға арын жалдаған,
Бірін-бірі алдаған,
Шошынамын мен сенен,
О, зар заман, зар заман!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тыңдағаны арзан ән өлеңінің авторы кім?

Шәмшия Жұбатова — осы өлеңнің авторы.

Тыңдағаны арзан ән өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тыңдағаны арзан ән өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шәмшия Жұбатова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тыңдағаны арзан ән өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері